«№4 орта мектебі» КММ – нің «Ертегі» мектепалды алаңының 2 кезеңге арналған жұмыс туралы есебі

«№4 орта мектебі» КММ – нің «Ертегі» мектепалды алаңының

2 кезеңге арналған жұмыс туралы есебі

«Ертегі» мектепалды алаңының 2 –ші кезеңі 15 маусымнан бастап 30 маусымға дейін созылды. Онда 100 бала демалды. Жаппай білім беру есебінен 18 оқушы тамақтандырылды. Осы кезең дене шынықтыру және сауықтыру бағытта болды. Балалардың денесін шынықтыру спортпен шұғылдану және сауықтандыруға қатысты көп шаралар жасалды. Дене шынықтыру мұғалімі С.В. Иванов күнде таза ауада жаттығу, спорт сайыстар, ойындар өткізді. Медбике С.С. Нурпейсова бір – біріне массаж және түйе табан ауруы мен салқын тиюдің алдын – алуға арналаған ертеңгілік жаттығулар жасады.«Бурабай» сауықтыру кешенімен аптасына екі рет бассейінге баруға келісім – шарт жасалды. Сонымен қатар, әр дүйсенбі сейсенбі және жұма сайын әрбір баланың шұғылдануы бойынша сабақтар жүргізілді: спорттық секциялар, туристік үйірмелер, мемлекеттік тілді үйрену үйірмесі, «Домисолька» үйірмесі,ағылшын үйірмесі.

15 маусымда 2 кезеңнің ашылуына байланысты мерекелік концерт және туған қаламыздың көрікті жерлерін,ескерткіштермен таныстыру ұйымдастырылды.Онда тәрбиешілер «Туристік соқпақтар» атты шара жүргізді.

16 маусымда балалар «Ғаламшар әлемі» мультфильмі көрсетілді.Оқушылар өздерін ғаламшарда жүргендей сезінді.

19 маусымда – «Шардан мүсіндер жасау» мастеркласс көрсетілді.Оқушылар шардан әртүрлі мысық,күшік,клоун мүсіндерін жасап мәз болды.

20 маусымда Суда шомылу ережелерімен таныстыру (топта жұмыс істеу). Сонан соң балалар «Бурабай» бассейніне барды.

21 маусымда мектеп фельдшері сколиоз ауруының алдын – алу бойынша сабақтар өткізді. Балаларға денсаулықтарын нығайтуға арналған әртүрлі жаттығулар жасауға ұсыныс берілді.

22 маусымда «Туған күніңмен Астана!» мерекелік іс-шара өткізілді.Балалар өз өнерлерін көрсетіп жақсы көңіл-күйде болды.

23 маусымда қалалық паркке саяхатқа шықты.Батутта секіріп,ойындар ойнады.

26 маусымда үйірмелерге қатысып тақырыптар бойынша сабақтар болды.

27 маусымда мектеп фельдшері «Егер денің сау болғанын қаласаң» атты сабақ өткізді, онда балалар денеге нүктелі массаж жасауға үйренді. Сонан соң балалар «Бурабай» бассейніне барды.

28 маусымда Қопа көліне саяхатқа шықты.

29 маусымда балаларды қала сыртында спорттық ойындар ұйымдастырылды.Мектеп полиция қызметкері балаларды апарды.Балаларға сыйлықтар берілді.

30 маусымда кезеңнің жабылуы күнінде концерт ұйымдастырылды.Балаларға шашу таратылды.

Жадрасинова С.Е. мектепалды алаңының басшысы

Автор: Жадрасинова С.Е.
Просмотров: 145
Дата создания: 3 Июля 2017 г.
Дата редактирования: 3 Июля 2017 г.