Мектеп формасына койылатын талаптар

Мектеп формасына койылатын талаптар

1.Міндетті түрдегі мектеп формасы білім берудің зайырлы түріне сәйкес келеді. Мектеп формасының фасоныклассикалық түрде қалып отыр. Мектеп формасының түсі кара - көк.

2. Мектеп формасы оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып енгізіледі.

3. Мектеп формасы күнделікті және салтанатты іс- шараға және спорттық киімдерге бөлінеді.

4.Ұлдарға арналған мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, салтанатты іс-шараға арналған көйлек, күнделікті киетін көйлек (кыз мезігілінде: трикотажды жилет? водолазка). Балаларға арналған шалбар кең балақты, ұзындығы тобықтан төмен түсіп тұрады.

5.Қыз баларға арналған мектеп формасы: пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық түрде блузка (қыз мезгілінде: трикотажды жилет, сарафан, водолазка). Қыз балаларға арналған шалбар кең балақты, ұзындығы тобықтан төмен түсіп тұрады.

6.Ұл балардың салтанатты іс шараға арналған формасы ақ көйлектен тұрады, кыз балалардың ақ блузкадан тұрады.

7. Ұл балалар мен қыз балардың спорттық киімдері мынадай: спорттық костюм (спорттық шалбар, футболка), спорт аяқ киімі (кроссовки, кеды).

8.Мектеп формасына негізгі түске немесе мектеп формасының түсіне сәйкестеу келетін классикалық түрдегі галстук енеді.

9.Мектеп формасына қоса әртүрлі діни бағыттағы киім элементтерін араластырып киюге тыйым салынады.

10.Мектеп формасына қойылатын талаптар климаттық жағдайларды ескере отырып, оқу сабақтарын жүргізу орны мен оқу ғимаратындағы температураны ескеру арқалы жүзеге асады.

11. Мектеп формасына қойылатын талаптарда зақымдануға әрекетететін киім мен аксессуарлардың болуы алынып тасталған. Матадан жасалған мектеп формасы ретінде тозуға төзімділігіжоғары, антимикробты және антистатистикалық кұрамы бар, жартылай жүнде және мақталы маталар пайдаланады.

12.Ата аналар мен басқа да занды өкілдері орта білім беру ұйымдары бекіткен, мектеп формасының бар қамтамасыз етеді.

Ескертулер:

1.Юбканың ұзындығы тізеден кем дегенде 2 сантиметрге жоғары және ә сантиметрге төмен болуы шарт.

2.Қара көк түстегі мектеп формасы бірінші сынып оқушылары үшін міндетті болып табылады.

3.(Пиджак шалбар немесе пиджак юбка) форманың екі түрі болуы міндетті болып табылады.

4. Қосымша топтаулар (жилет, сарафан) отбасының бюджет мүмкіндігіне байланысты қарастырылады.

5. 2-11сынып оқушылары мектеп формасының тозуына байланысты ескі түріне ауыстыра алады.

Мектеп директоры Маликова Г.К.

Автор: Маликова Г.К.
Просмотров: 30
Дата создания: 9 Октября 2017 г.
Дата редактирования: 9 Октября 2017 г.